16.02.2026 21:30
Зинченко үшін маусым аяқталды
16.02.2026 21:30
«Аякс» қорғаушысы Александр Зинченко қатардан шықты

29 жастағы украин ойыншысы «Фортунаға» (4:1) қарсы матчта сол аяғының тізесін оңбай зақымдап алған еді. Медициналық тексерістен кейін оның жарақатының ауыр екендігі анықталды. Нәтижесінде шамамен 6-7 ай алаңға шыға алмайтын болды.
Зинченко Амстердамның клубына 2 ақпан күні «Арсеналдан» 1,5 миллион еуроға ауысып келген еді. Бұл оның «Аякс» сапындағы небәрі екінші матчы болды.