05.06.2026 14:35
Винченцо Итальяно «Бешикташ» бас бапкері атанады
05.06.2026 14:35
Винченцо Итальяно «Бешикташты» тізгіндейді

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 48 жастағы италиялық маман бүгін Ыстамбұлға келді. Енді жақында 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды.
Итальяноның соңғы клубы «Болонья» болған еді. Оған дейін «Фиорентина» мен «Специяны» да жаттықтырған.