04.02.2026 16:32

Трент жақында алаңға оралады

04.02.2026 16:32

«Реал» қорғаушысы Трент Александер-Арнольдтың жағдайы белгілі болды

Diario AS хабарлауынша, 27 жастағы англиялық ойыншы жарақатынан толықтай айықты. Ол жексенбі күні Ла Лиганың 23-туры аясында өтетін «Валенсияға» қарсы ойында алаңға шығуға дайын екен.

Трент 3 желтоқсан күні «Атлетикпен» (3:0) кездесуде сол аяғының бұлшық етін жыртып алып, содан бері 14 матчқа қатыспады.

Айта кетейік, Александер-Арнольд «Реал» сапына өткен жазда «Ливерпульден» 10 миллион еуроға ауысып келген еді. Осы аралықта 16 матчқа қатысып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram