15.12.2025 20:54
Томиясу «Аяксқа» ауысады
15.12.2025 20:54
Такехиро Томиясу «Аякс» ойыншысы атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап 2026 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды. 27 жастағы Жапония құрамасының қорғаушысы Амстердамның клубына еркін агент ретінде қосылады.
Медициналық тексеріс ертең, 16 желтоқсан күні өтеді. Бәрі сәтті аяқталса трансфер де ресми түрде хабарланады.
Томиясудың соңғы клубы «Арсенал» болған еді. Ол Лондон ұжымынан шілде айында кетті.