23.02.2026 13:57

Салах жеке антирекордын орнатты

23.02.2026 13:57

Ағылшын Премьер-лигасының 27-турында «Ливерпуль» сырт алаңда «Ноттингем Форестті» 1:0 есебімен жеңді

Матчтағы жалғыз голды 90+7-минутта Алексис Мак Аллистер соқты.

Осылайша Мұхамед Салах қатарынан тоғызыншы АПЛ ойынын голсыз аяқтады. Соңғы рет «қызылдардың» дүлдүлі 1 қараша күні 10-турда «Астон Вилла» (2:0) қақпасының торын тулатқан еді. Бұл оның «Ливерпульге» келгеннен бері ең сәтсіз сериясы болып тіркелді.

33 жастағы мысырлық вингер Мерсисайдтың клубында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Ол осы маусымда 28 матчта жеті гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram