15.12.2025 19:45
Родриго алғашқы голын соқты
15.12.2025 19:45
Родриго Ла Лиганың осы маусымындағы алғашқы голын соқты

«Реалдың» вингері Родриго Испания чемпионатының 16-туры аясында «Алавеске» қарсы өткен матчта гол соқты. Бұл гол футболшы үшін Ла Лиганың қазіргі маусымындағы алғашқысы болды.
Родриго кездесудің 76-минутында Винисиустың пасын сәтті пайдаланып, командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша, футболшы қатарынан екінші матчта гол соқты. Бұған дейін Чемпиондар лигасында «Манчестер Ситиге» қарсы өткен ойында (1:2) қарсылас қақпасынан саңылау таба білген еді.