22.07.2026 20:54

«Реал» ойыншысы «Фулхэмге» ауысуы мүмкін

22.07.2026 20:54

«Реал» шабуылшысы Гонсало Гарсия мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

The Athletic хабарлауынша, оған «Фулхэм» көз салып отыр және қос тарап келіссөзді бастап кетті. «Реалдан» «Фулхэмге» бас бапкер болып ауысқан Арбелоа бұрынғы шәкіртін өз командасына шақырып жатыр.

Ал Мадрид клубының қазіргі бапкері Жозе Моуриньюға Гарсия ұнайды екен. Бірақ Гонсалоның Жозенің тұсында тұрақты түрде ойнайтынына кепілдік жоқ.

Гарсия – «Реалдың» төл түлегі. 22 жастағы испаниялық форвард өткен маусымда 39 матчта сегіз гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram