07.07.2026 21:04
Рауль Асенсио «Арсеналға» ауысуы мүмкін
07.07.2026 21:04
«Реал» қорғаушысы Рауль Асенсио мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Sky Sports хабарлауынша, Лондонның клубы оны жазда қатарына қосқысы келеді. Ал «Реал» Асенсионы сатуға дайын.
Асенсио – «Реал» түлегі. 23 жастағы испаниялық ойыншы өткен маусымда 34 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.