08.09.2025 13:38

Қасым-Жомарт Тоқаев: футбол клубтарын жекешелендіруді тездету керек

08.09.2025 13:38

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұоы Тоқаев футбол клубтарын жекешелендіруді тездету керек екенін айтты.

«Мен бұған дейін шетелден келген спортшыларға бюджеттен қаржы бөлуді шектеу туралы тапсырма бердім. Депутаттар бұл бастаманы қолдап, арнайы заң қабылдады. Бұл – өз спортшыларымызды қолдауға арналған маңызды қадам. Бірақ мұнымен шектеліп қалуға болмайды, алға қарай жүруіміз керек.

Футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты жұмысты тездету керек. Қазір еліміздің төрт футбол клубына белгілі кәсіпкерлеріміз ие болды, яғни, клубтар жекеменшікке өтіп жатыр. Сол үшін оларға ризашылығымды білдіремін. Дегенмен футболды коммерцияландыру ісін жалғастыра беру керек. Мұндай қадамсыз Қазақстанда футбол дамымайтынын әлемдік тәжірибеден көріп отырмыз», – деді мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.

Сондай-ақ Президент қазіргі заманда кәсіби спортты қомақты табыс әкелетін бизнес-индустрия ретінде қарастырған жөн екенін тілге тиек етті.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram