22.09.2025 21:12

«Қайрат» – «Реал»: билеттің нақты бағасы белгілі болды

22.09.2025 21:12

«Қайрат» – «Реал» матчының билеттері 23 қыркүйек күні сатылымға шығады. Ал бүгін әр трибунадағы билеттің құны белгілі болды.

  • Батыс трибуна (1-9 сектор, 1-2 қатар): 30 000 теңге;

  • Солтүстік/Оңтүстік трибуна: 75 000 теңге;

  • Шығыс трибуна: 150 000 теңге;

  • Батыс трибуна: 250 000 теңге.

Билеттерді 17:00-ден бастап сатып алуға болады. Алдын ала кезекке тұру мүмкіндігі жоқ. Сондай-ақ бір адамға тек екі билет алуға болады және ол матч басталардан алты сағат бұрын жіберіледі.

Чемпиондар лигасының 2-туры аясындағы ойын 30 қыркүйек күні Алматыда өтеді.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram