28.07.2026 16:41

Он гол соғылған матчта «Челси» жеңіске жетті

28.07.2026 16:41

Аустралиядағы маусымалды дайындық үшін ұйымдастырылған турне аясында «Челси» «Вестерн Сидней Уондерерсті» 6:4 есебімен жеңді

Матч есебін 6-минутта 17 жастағы отандасымыз Дастан Сәтпаев ашып берді. Бұл біздің Досиктің Лондон клубында соққан алғашқы голы болды. Одан кейін «көктер» сапында Жоао Педро хет-трик жасаса, Джейми Гиттенс пен Дариу Эсугу бір-бірден мергендік танытты.

Хаби Алонсоның шәкірттері келесі ойынын 1 тамыз күні «Тоттенхэмге» қарсы өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram