03.12.2025 04:43

«Ньюкасл» мен «Тоттенхэм» тең тарқасты

03.12.2025 04:43

Ағылшын Премьер-лигасының 14-турында «Ньюкасл» өз алаңында «Тоттенхэммен» тең ойнады

«Сент-Джеймс Парк» стадионында өткен кездесу 2:2 болып аяқталды. Алаң иелері сапында Бруно Гимараеш пенальтиден гол соқса, Антони Гордон бір мәрте қақпа торын тулатты. Ал бұған Лондон клубының қорғаушысы Кристиан Ромеро дубльмен жауап қайтарды.

Осылайша 19-ұпайына қол жеткізген «Тоттенхэм» турнир кестесінде 11-орынға жайғасты.

Томас Франк шәкірттері келесі турда 6 желтоқсан күні «Брентфордты» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram