25.02.2026 09:26

Морган Роджерс топ-клубқа ауысуы мүмкін

25.02.2026 09:26

«Астон Вилла» жартылай қорғаушысы Морган Роджерс мансабын АПЛ-дың өзге клубында жалғауы мүмкін

Бен Джейкобстың хабарлауынша, 23 жастағы жартылай қорғаушыға «Ливерпуль» мен «Челси» қызығушылық танытып отыр. Трансфер туралы келіссөз жазға қарай басталады екен.

Роджерс осы маусымда 38 матчта 10 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Оның «арыстандармен» келісімшарты 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram