03.02.2026 10:57
«Миланның» үздік ойыншысы белгілі болды
03.02.2026 10:57
Майк Меньян «Миланның» қаңтардағы үздік ойыншысы атанды

30 жастағы француз қақпашысы жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде топ жарды. Осылайша бұл марапатты осы маусымда екінші рет иеленді. Бұған дейін қарашада үздік деп танылған.
Меньян өткен айда алты матчта төрт гол өткізіп, екі ойында қақпасына доп жібермеді.
Ол осыған дейін «россонерримен» келісімшартын 2031 жылдың 30 маусымына дейін ұзартқан еді.