20.09.2026 19:56
«Манчестер Сити» «Сандерлендті» тізе бүктірді
20.09.2026 19:56
Ағылшын Премьер-лигасының 5-турында «Манчестер Сити» өз алаңында «Сандерлендті» тізе бүктірді

«Этихад» стадионында өткен кездесуде 5:3 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Антуан Семеньо дубль жасаса, Энцо Фернандес, Райан Шерки және Эрлинг Холанд бір голдан соқты. Ал «Сандерлендтің» құрамында Брайан Бробби хет-трик авторы атанды.
Осылайша «қалалықтар» 15-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде жеке-дара көш бастады. Энцо Маресканың шәкірттері келесі турда 11 қазан күні «Ливерпульге» қонаққа барады.