04.06.2026 20:43
«Манчестер Сити» Эллиот Андерсонмен келіссөз жүргізіп жатыр
04.06.2026 20:43
«Ноттингем Форест» жартылай қорғаушысы Эллиот Андерсон «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, «Ноттингем» «қалалықтар» жолдаған алғашқы ұсынысты қабылдамапты және 100 миллион еуродан жоғары сома сұрап отыр.
Егер «Манчестер Сити» Андерсонды сол күйі ала алмаса, назарын «Ньюкаслда» ойнайтын Сандро Тоналиге бұрады. Қазірдің өзінде оған «Арсенал» қызығушылық танытуда.
Андерсон биылғы маусымда 50 матчта төрт гол соғып, бес нәтижелі пас берді. Ал Тонали 53 ойында үш гол мен жеті ассисттің авторы атанды.