06.04.2026 17:20
Кейннің жағдайы белгілі болды
06.04.2026 17:20
«Бавария» шабуылшысы Харри Кейннің жағдайы белгілі болды

Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, ол бүгін Мюнхендегі «Реалмен» матч алдындағы соңғы жаттығуға қатысты. Егер оқыс жағдай болып қалмаса, Харри ертең 7 сәуірде Чемпиондар лигасы ширек финалының бірінші матчы аясында Мадридте өтетін ойында алаңға шығады.
Кейн осыған дейін Англия құрамасында тобығын зақымдап алып, соңғы «Фрайбургке» (3:2) қарсы кездесуде ойнамаған еді.
32 жастағы форвард осы маусымда 40 матчта 48 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.