27.10.2026 01:27
Кейн: «мүмкіндігім зор. Толқып тұрмын»
27.10.2026 01:27
«Бавария» мен Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн «Алтын доп» табыстау кешінде пікір білдірді

«Қуанып тұрмын. Достарым мен отбасым қасымда. Ғаламат кеш болатынына сенемін. Алғашқы ондықтағы барлық ойыншы – үздік! Менің де мүмкіндігім зор. Қатты толқып тұрмын. Бұл – мансабымдағы ең үздік маусым. Енді тек күту керек»,– деді Кейн.
33 жастағы англиялық форвард өткен маусымда 51 матчта 61 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Ал Әлем чемпионатында алты гол мен бір ассисттің авторы атанды.