15.12.2025 03:12

«Ювентус» «Болоньядан» басым түсті

15.12.2025 03:12

Италия А Сериясының 15-турында «Ювентус» сырт алаңда «Болоньяны» 1:0 есебімен жеңді

«Ренато Даль'Ара» стадионында өткен кездесуде жалғыз голды Хуан Кабаль 64-минутта соқты. Сондай-ақ 69-минутта «Болонья» қорғаушысы Турьбёрн Лисакер Хэггем алаңнан қуылып кетті.

Осылайша Туриннің клубы 26-ұпайын олжалап, турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді.

Лучано Спаллеттидің шәкірттері келесі турда 21 желтоқсан күні «Романы» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram