16.07.2026 20:08
Испания – Аргентина матчының фавориті аталды
16.07.2026 20:08
Әлем чемпионатының финалында Испания мен Аргентина күш сынасады

Opta порталының пайымдауынша, бұл текетіресте Испания фаворит болып тұр. «Қызыл фурияның» чемпион атану мүмкіндігі 56,05%-ды құрайды. Ал Аргентинаның топ жару ықтималдығы 43.95%-ға бағаланған.
Финал 19 шілде күні АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы 82 500 жанкүйер сыятын «Метлайф» стадионында өтеді. Ақтық матч біздің уақытпен сағат 00:00-де басталады.