01.08.2026 18:40
«Интер» «Манчестер Ситиден» басым түсті
01.08.2026 18:40
Жолдастық кездесуде «Интер» «Манчестер Ситиді» жеңді

Гонконгта өткен кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Англия клубының шабуылшысы Дивин Мубама 14-минутта алғаш болып гол соқса, 20-минутта Италия чемпиондарының қорғаушысы Бенджамин Павар таразы басын теңестірді. Ал пенальти сериясында «нерадзурри» 3:1 есебімен жеңіске жетті. «Қалалықтар» сапында Райан Айт-Нури, Нико Гонсалес және Абдуқодир Хусанов мүлт кетсе, «Интерде» жалғыз Давиде Фраттези өз мүмкіндігін пайдалана алмады.
Энцо Мареска шәкірттері келесі кездесуін 5 тамыз күні «К-Лига Старс» командасына қарсы өткізеді. Ал Кристиан Киву баптайтын команда дәл сол күні «Миланмен» дерби ойнайды.