11.04.2026 10:38

Гордон «Баварияға» ауысуы мүмкін

11.04.2026 10:38

«Ньюкасл» вингері Энтони Гордон топ-клубқа ауысуы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, оған «Бавария» қызығушылық танытып отыр. Энтонидің өзі Мюнхеннің клубына қосылуға дайын.

Сондай-ақ оған көз тіккендердің қатарында «Ливерпуль» мен «Арсенал» бар.

25 жастағы англиялық ойыншы осы маусымда 45 матчта 17 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram