08.07.2026 18:29
Фран Гарсия «Бетис» ойыншысы атанады
08.07.2026 18:29
Фран Гарсия «Реалдан» «Бетиске» ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап толықтай келісімге келді. «Бетикос» оны төрт миллион еуроға сатып алады. Сондай-ақ келесі трансферден түскен қаржының 50%-ын «Реалға» береді.
26 жастағы испаниялық ойыншы өткен маусымда 23 матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.