21.07.2026 14:46
Ферран Торреске «Реал» көз тікті
21.07.2026 14:46
«Барселона» шабуылшысы Ферран Торрес «Реалға» ауысуы мүмкін

L'Equipe хабарлауынша, Мадридтің клубы оны мұқият бақылап отыр. Бірақ Торрес үшін таласта ПСЖ ешкімге дес берер емес. Ал «Барселона» ойыншысын сатуға дайын.
26 жастағы Испания құрамасының форварды «блауграна» сапына 2022 жылы «Манчестер Ситиден» 55 миллион еуроға келіп қосылған еді. Ол өткен маусымда 49 матчта 21 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.