15.07.2026 10:19
Дидье Дешам рекорд орнатты
15.07.2026 10:19
Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам рекорд орнатты

57 жастағы маман Әлем чемпионатында ең көп матч өткізген бапкер атанды. Дешам жартылай финалдағы Испанияға (0:2) қарсы кездесуде 26-ойынына шығып, Германияны 1964-1978 жылдары тізгіндеген Хельмут Шеннің (25 матч) рекордын жаңартты.
Дешам «триколорды» 2012 жылдан бері жаттықтырып келеді. Бұл оның төртінші Әлем чемпионаты болды.