07.12.2025 15:51

«Челси» ойыншысы ат басын Францияға бұруы мүмкін

07.12.2025 15:51

«Челси» қорғаушысы Аксель Дисаси мансабын отанында жалғастыруы мүмкін

L'Equipe хабарлауынша, 27 жастағы французға «Лион» қызығушылық танытып отыр. «Олимпиялықтардың» екі қорғаушысы Клинтон Мата (Ангола) мен Мусса Ниакате (Сенегал) 21 желтоқсанда басталатын Африка кубогына қатысады. Осыған байланысты клуб Дисасиді маусым соңына дейін жалға алғысы келеді. «Челси» де бұған келісімін беріп отыр екен.

Айта кетейік, Дисаси осы маусымда негізгі құрамға іліге алмай жүр. Соның салдарынан ол 21 жасқа дейінгі командада екі матч өткізіп үлгерді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram