09.10.2025 10:10

«Борнмут» дүлдүліне тағы екі клуб көз тікті

09.10.2025 10:10

«Борнмут» ойыншысы Антуан Семеньо клуб ауыстыруы мүмкін

Football Insider мәліметінше, 25 жастағы вингерді «Тоттенхэм» мен «Манчестер Юнайтед» өз қатарынан көргісі келеді.

Осыған дейін ганалық футболшыға «Челсидің» де қызығушылық танытқаны белгілі болған еді.

Семеньо биылғы АПЛ маусымында жеті ойында алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Чемпионаттың үздік сұрмергендері тізімінде екінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram