03.02.2026 08:26
Бензема «Әл-Хиләл» ойыншысы атанды
03.02.2026 08:26
Кәрім Бензема «Әл-Хиләл» ойыншысы атанды

Қос тарап 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
Эр-Риядтың клубы оны «Әл-Иттихадтан» 25 миллион еуроға сатып алды.
38 жастағы француз форварды 2023 жылы «Реалдан» кетіп, «Әл-Иттихадқа» еркін агент ретінде қосылған еді. Ол осы маусымда 21 матчқа қатысып, 16 гол соқты.