07.07.2026 07:08

Бельгия жеңіске жетті

07.07.2026 07:08

Әлем чемпионатының 1/8 финалында Бельгия АҚШ-тан басым түсті

АҚШ-тың Сиэтл қаласында өткен кездесуде 4:1 есебі тіркелді. Бельгия сапында Шарль де Кетеларе дубль жасаса, Ханс Ванакен мен Ромелу Лукаку бір голдан соқты. Ал АҚШ құрамында жалғыз Мәлік Тильманн мергендік танытты.

«Қызыл сойқандар» келесі кезеңде Испаниямен кездеседі. Матч 10 шілде күні АҚШ-тың Инглвуд қаласында өтіп, сағат 00:00-де басталады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram