07.10.2025 21:38

«Барселона» – «Жирона» матчы қайда өтетіні белгілі болды

07.10.2025 21:38

«Барселона» «Жиронаны» қай стадионда қабылдайтынын хабарлады

Нәтижесінде матч Луис Компанис атындағы стадионда өтетіні белгілі болды.

Каталондықтардың төл стадионы «Камп Ноудың» құрылысы әлі де жалғасып жатыр. Клуб қала билігінен 27 000 жанкүйерге арналған бірінші лицензияны алуға жақын. Дегенмен, басшылық билет сатылымынан түсетін табыстың едәуір бөлігінен құр алақан қалмау үшін қапталдағы трибуналардың жұмысы толықтай аяқталғанын күтуді жөн көреді. Ол кезде арена 45 000 адамды қарсы алуға жарамды болады екен.

Бұған дейін 6 мың орындық Йохан Кройфф аренада өткен матчтар клуб бюджетіне айтарлықтай шығын келтірген еді. Ал Луис Компанис атындағы стадион бір мезетте 56 мыңға жуық адамды құшағына еркін сыйдыра алады.

Ла Лиганың 9-туры аясында өтетін матч 18 қазанға жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram