12.04.2026 00:57
«Барселона» жарқын жеңіске жетті
12.04.2026 00:57
Испания Ла Лигасының 31-турында «Барселона» өз алаңында «Эспаньолды» тізе бүктірді

«Камп Ноуда» өткен дербиде 4:1 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Ферран Торрес дубль жасаса, Ламин Ямаль мен Маркус Рэшфорд бір голдан соқты.
Осылайша «блауграна» 79-ұпайын еншілеп турнир кестесінде көш басында қалды.
Ханси Фликтің шәкірттері келесі турда 22 сәуір күні «Сельтаны» қабылдайды.