10.07.2026 19:45

«Барселона» Альвареске 130 миллион ұсынбақ

10.07.2026 19:45

«Барселона» «Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварестен әлі де үмітін үзбеді

Sport.es хабарлауынша, қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Каталонияның клубы Әлем чемпионатынан кейін 130 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасауға дайын. «Блауграна» одан артық бере алмайды екен және Хулианның «Барсаға» ауысқысы келетінін біліп тұр.

Альварес «матрасшылар» сапына 2024 жылы «Манчестер Ситиден» 75 миллион еуроға ауысып келген еді. 26 жастағы Аргентина құрамасының форварды өткен маусымда 49 матчта 20 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram