15.09.2026 16:39

Артета «Арсеналда» қалады

15.09.2026 16:39

«Арсенал» бас бапкері Микель Артета клубта қалады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты ұзартуға жақын. Қазір келіссөз жүріп жатыр және ол жақында мәреге жетеді екен.

Артета Лондонның клубын 2019 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның тұсында команда 223 рет жеңіске жетіп, 60 мәрте тең түссе, 75 ойында қарсыласына жол берді. Сондай-ақ өткен маусымда Англия чемпионы атанып, үш рет Англия Суперкубогын (2020/21, 2023/24, 2026/27) және бір мәрте Англия кубогын (2019/20) жеңіп алды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram