08.04.2026 22:20
«Арсеналдың» үздік ойыншысы белгілі болды
08.04.2026 22:20
Эберечи Эзе «Арсеналдың» наурыздағы үздік ойыншысы атанды

27 жастағы англиялық жартылай қорғаушы өткен айда алты матчқа қатысып, екі гол соқты.
Осылайша ол жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде қақпашы Давид Райя мен жартылай қорғаушы Деклан Райсты артқа тастады.
Эзе осы маусымда 43 матчта тоғыз гол соғып, алты нәтижелі пас берді.