18.04.2026 12:28
«Арсенал» топ-вингер алмақ
18.04.2026 12:28
«Ньюкасл» дүлдүлі Энтони Гордон «Арсеналға» ауысуы мүмкін

The Telegraph хабарлауынша, Лондонның клубы Леандро Троссард пен Габриэль Мартинеллидің ойынына риза емес. Сондықтан жазда қатарға жаңа вингер қосуды көздейді және бұл позицияға Энтони Гордон лайықты деп есептейді. «Сауысқандар» басты жұлдызын 80 миллион фунт стерлингке сатуға дайын. Гордонның өзі де клуб ауыстыруға қарсы емес.
25 жастағы англиялық ойыншы «Ньюкасл» намысын 2023 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 46 матчта 17 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.