24.07.2026 20:50
Андреа Пирло Италия бас бапкері атануға жақын
24.07.2026 20:50
Андреа Пирло Италия Ұлттық құрамасын тізгіндейді

La Gazetta dello Sport хабарлауынша, қос тарап жақында 2030 жылғы Әлем чемпионатына дейін жарамды болатын келісімшартқа қол қояды. Ал жалақысы 1,5 миллион еуродан аспайды екен. Келіссөз әлі де жүріп жатыр.
47 жастағы маман қазір Дубайдың «Юнайтед» клубын жаттықтырады. Оған дейін «Сампдория», «Карагюмрюк» және «Ювентусты» баптаған. Ал футболшы ретінде «Нью-Йорк Сити», «Ювентус», «Интер» және «Миланда» ойнады.