14.05.2026 22:27

Анчелотти Бразилияда қалды

14.05.2026 22:27

Карло Анчелотти Бразилия құрамасын әлі біраз жаттықтырады

Қос тарап келісімшартты 2030 жылдың 30 маусымына дейін ұзартты.

66 жастағы маман «селесаоны» өткен жылдың мамыр айында тізгіндеген еді. Содан бері команда бес рет жеңіске жетіп, екі мәрте тең түссе, үш матчта есе жіберді.

«Пентакампеондар» биылғы мундиальда Марокко, Гаити және Шотландиямен бірге С тобында ойнайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram