16.09.2026 02:56
Алты гол соғылған матчта «Арсенал» жеңіске жетті
16.09.2026 02:56
Лига кубогының 1/16 финалында «Арсенал» сырт алаңда «Ипсвичті» 4:2 есебімен тізе бүктірді

«Портман Роуд» стадионында өткен кездесуде «зеңбірекшілердің» сапында Макс Доуман дубль жасаса, Нони Мадуеке мен Микель Мерино бір голдан соқты. Осылайша «Арсенал» келесі кезеңге жолдама алды.
Микель Артетаның шәкірттері келесі ойынын 19 қыркүйек күні «Брайтонға» қарсы түзде өткізеді.
Айта кетейік, Лондонның клубы төрт турдың бәрінде жеңіске жетіп, 12 ұпаймен Ағылшын Премьер-лигасында көш бастап тұр.